Шағын отбасылық той
Тұсаукесерге қонақ әдетте үлкен тойдағыдан аз жиналады, сондықтан санын нақты білу маңызды. Белгілі бір күнге дейін растауды сұра — жауап беру мерзімі конструкторда бар.
ALA · Шақыру
Тұсаукесер — сәбидің алғашқы қадамына арналған той: балаға байланған тұсау кесіледі. Сәбидің атын, күні мен орнын жаз, жұмсақ үлгі таңда, туыстарыңды дастарқанға шақыр.
Бұл түрге барлығы 34 үлгі — қалғандары конструктор кітапханасында. Конструкторды ашу →
Тұсаукесерге қонақ әдетте үлкен тойдағыдан аз жиналады, сондықтан санын нақты білу маңызды. Белгілі бір күнге дейін растауды сұра — жауап беру мерзімі конструкторда бар.
Дәстүр бойынша оны отбасында сыйлы адам кеседі. Оған алдын ала өзің жеке айтып қой, ал шақыруда бағдарламаны жалпы қалдыруға болады.
Шағын той үшін көбіне бір-екі апта жетеді. Сілтеме бірден жұмыс істейді, сондықтан шақыруды тіпті қарсаңында да жіберуге болады.
Тұсаукесер — баланың алғашқы қадамына арналған той. Баланың аяғындағы тұсау кесіледі: алдағы жолы жеңіл болсын деп тілейді.
Дәстүр бойынша бала алғашқы қадамын жасай бастағанда — әдетте бір жас шамасында. Нақты уақытты әр отбасы өзі таңдайды.
Сілтемені не QR-кодты ашып, «келемін» не «келе алмаймын» деп белгілейді және неше адам болатынын көрсетеді. Жауаптар сенің кабинетіңде көрінеді.
Жоқ. Шақыруды тіркелусіз-ақ жасауға болады — ол осы браузерде сақталады. Тіркелсең, шақыру мен қонақтардың жауаптары аккаунтта қалады және кез келген құрылғыдан көрінеді, браузерді тазартсаң да жоғалмайды.
Қазақша дұрыс жазылуы — «тұсаукесер», яғни ұ әрпімен. Хат алмасуда және іздеуде оны көбіне у деп жазады: «тусаукесер», «тусаукесерге шакыру». Бұл сол той, ал осы жердегі шақыру кез келген жазылуда бірдей жасалады. Латынша — tusaukeser немесе tusau keser.
Үйлену тойыҚыз ұзатуСырға салуҚұдалықМерейтойТуған күнҚоныс тойАуызашарСүндет тойШілдеханаБесік тойТілашарҚырқынан шығаруАс беру