ALA · Шақыру

Шілдеханаға онлайн шақыру

Шілдехана — жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын кеш: шаңыраққа сәби келді, қуанышты туыстармен, достармен, көршілермен бөліседі. Сәбидің атын, күні мен орнын жаз, үлгі таңда да, ондаған қоңыраудың орнына бір сілтеме жібер.

Осы түрге арналған үлгілер

Бұл түрге барлығы 37 үлгі — қалғандары конструктор кітапханасында. Конструкторды ашу →

Шақыруға не жазу керек

  • Сәбидің есімін — ол мұқабада тұрады. Шілдехана үшін есім жазылатын жол біреу ғана.
  • Шақырушыларды: ата-анасы, кейде ата-әжесі — отбасы қалай шешсе, солай.
  • Күні, уақыты және мекенжайы, картаға сілтемесімен.
  • Бағдарламаны: қонақтарды қарсы алу, дастарқан мен тілектер, ән-күй мен ойын. Дайын нұсқаны бір-екі жолға дейін қысқартуға болады.
  • Отбасының сөзін: қуанышты хабарды өз сөзіңмен жаз. Дайын мәтінде «Шаңырағымызға сәби келді!» деген жол бар.

Қашан өткізу керек

Дәстүр бойынша шілдехананы бала туған алғашқы күндері жасаған. Қазір көп отбасы қонақтарды кейінірек — ана мен сәби әлденген соң — шақырады. Күнін өзің таңдайсың.

Уақыт тығыз болса

Шақыру бірнеше минутта жасалады: есім, күні, мекенжай — сілтемені бірден жіберуге болады. Бірдеңе өзгерсе, конструкторда түзет: қонақтар жаңасын сол сілтемемен көреді.

Ән-күй — дәстүрдің бір бөлігі

Бұрын шілдеханаға ауылдың жастары жиналып, таң атқанша ән салып, ойын ойнаған: көңілді у-шу ана мен баланы қорғайды деп сенген. Сондықтан бағдарламадағы ән мен ойын мұнда орынды.

Сұрақ-жауап

Шілдехана деген не?

Шілдехана — баланың дүниеге келуіне арналған той. Бұрын оны бала туған алғашқы күндері жасаған: жастар сол үйге жиналып, таң атқанша ән салып, ойын ойнаған. Бала туғанын бірінші жеткізген адамға сүйінші береді.

Шілдехананың бесік той мен қырқынан шығарудан айырмасы неде?

Бұл — сәби өмірінің алғашқы апталарындағы үш бөлек қуаныш: шілдехана — баланың туғанына арналған кеш, бесік той — нәрестені алғаш бесікке салатын күн, қырқынан шығару — бала қырық күнге жуықтағанда жасалады. Кей отбасы оларды бір күнге біріктіреді; конструкторда әрқайсысына бөлек шақыру түрі бар.

Шілдеханаға шақыру жасау үшін тіркелу керек пе?

Жоқ. Шақыруды тіркелусіз-ақ жасауға болады — ол осы браузерде сақталады. Тіркелсең, шақыру мен қонақтардың жауаптары аккаунтта қалады және кез келген құрылғыдан көрінеді, браузерді тазартсаң да жоғалмайды.

Шілдеханаға қандай үлгі жарасады?

Кез келген мерекелік үлгі: кітапханада нәзік әрі балаларға арналғандары да, классикалық және ою-өрнекті түрлері де бар. Аза үлгілері шілдеханаға ұсынылмайды — олар тек асқа арналған.

Қалай дұрыс: «шілдехана» ма, әлде «шильдехана» ма?

Қазақша дұрыс жазылуы — «шілдехана», яғни і әрпімен. Хат алмасуда және іздеуде «шилдехана», «шильдехана», «шилдехана той» деп те жазады. Бұл сол той, ал осы жердегі шақыру кез келген жазылуда бірдей жасалады. Латынша — shildekhana немесе shildehana.

Басқа шақырулар

Үйлену тойыҚыз ұзатуСырға салуҚұдалықМерейтойТуған күнҚоныс тойАуызашарСүндет тойТұсаукесерБесік тойТілашарҚырқынан шығаруАс беру

Тойға тілек · Той қалай өтеді, не сыйлайды